Қоғам

Петропавлдағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің қаулысына сәйкес, шаһарда жылу беру маусымы басталды. Әдеттегідей науқан кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы 1-2 күнде орталық желіге балабақшалар, медициналық және білім беру ұйымдары қосылады. Одан кейінгі кезекте «Борки» кентіндегі, «Юбилейный» және 19, 20-шағын аудандарындағы нысандар тұр. 4-тәулікте жылу «Берекеге», вокзал маңына және «Жұмысшы» кентіне жетеді деп жоспарланған.

ЖЫЛУ БЕРУ КЕСТЕСІ:

5-күн: БЖ ауданы, Шухов-Мүсірепов-Набережный-Жамбыл көшелері аумағы.
6-күн: Мүсірепов-Назарбаев-Жабаев-Алматы көшелері аумағы.
7-күн: №4 жылу магистралінен Алматы-Абай көшелеріне дейін (қаланың оңтүстік бөлігі).
8-күн: Театр-Мұқанов-Назарбаев-Абай көшелері аумағы.
9-күн: №4 жылу магистралінен Алтынсарин-Амангелді көшелері арқылы “Жас өркен” бағытына қарай.
10-күн: жылу жүйесі тәуелді түрде қосылған 9 және одан да көп көпқабатты тұрғын үйлер.

Байболат Култанов