Айыртау ауданындағы №51 мекемеде заманауи спорт алаңы ашылды. Бұл бастаманың жүзеге асуына «Ресурс 2018» серіктестігі «Бизнестен 100 игі іс» бастамасы шеңберінде 20 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Қаражатқа жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын алаң салынды. Мұнда сотталғандар футбол, баскетбол ойнай алады. Бұл олардың арасында тәртіпті нығайтуға, қоғамға жақындауға және бостандыққа шыққанда түзу жолға түсуге әсер етеді.
Аружан Султанова