Қоғам

“Қазақстан халқына”: СҚО тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер

Петровка орта мектебінде 156 оқушы білім алады. 2024 жылы “Қазақстан халқына” қорының қаражатына ауыл балалары үшін цифрландыру және ғылым бағытындағы екі кабинет жабдықталды.

АЙБЕК ЗАКРЬИН – Петровка орта мектебінің директоры, Есіл ауданы:
– “Осы екі жылдың арасында жақсы нәтижелеріміз бар. Оқушыларымыз облыстық, республикалық деңгейдегі дарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр”.

Ғауез Торсанұлы мен Ләззат Алтынбекқызы мектепке арнайы барып, оқушылармен тілдесті. Балалар өздерінің жетістіктері мен жаңа кабинеттердегі оқу барысы туралы жарыса айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

“Қазақстан халқына” қоғамдық қоры Сергеевка қаласындағы Кәкімбек Салықов атындағы орта мектепті ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды қайырымдылық жобасына қосты. 2024 жылы білім беру нысанына 250 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл мектептерінің дамуына қолдау көрсетіп, білім сапасын арттыру. Оның аясында мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, мұғалімдердің біліктілігі артады. Бұл ретте Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдістемесі мен тәжірибесі енгізіледі. Бүгінде білім ордасындағы көптеген кабинет заманауи әрі қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Сергеевка қаласында күрделі жөндеуден кейін Мәдениет үйі қайта ашылды. Жаңарған нысанға облыс әкімі, “Қазақстан халқына” қорының басқарма төрайымы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары барды. Қор мәдениет саласына да қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде елімізде осы бағытта 34 жоба жүзеге асырылуда.

ДОСБОЛ ӘБДІРЕЙІСОВ – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары:
– Өздеріңіз білетіндей 181-млн теңге қаражат жұмсалды.

Мәдениет үйі – шығармашылықтың ордасы. Енді тұрғындар мәдени іс-шаралар өткізіп, мазмұнды уақыт өткізуге арналған жаңарған кеңістікке ие болды. Өңір басшысы өнерпаздарға сый ретінде теледидар тарту етті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қала мен ауыл тұрғындары үшін заманауи жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – Солтүстік қазақстан облысының әкімі:
– “Соңғы төрт жылда “Қазақстан халқына” қорының қолдауымен өңірде жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асатын 25 қайырымдылық бағдарлама мен жоба жүзеге асырылды”.

ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА – “Қазақстан халқына” ҚҚ басқарма төрайымы:
– Осы жылуды сіздерге жүректеріңізге алып келіп, салып бердік. Сіздерге ұ нап жатса осы жылуларыңызды әрі қарай ауылда, ауданда тұрғындарға жеткізіңіздер. Барлығы келсін.

Мәдениет үйінде түрлі кабинеттер мен шеберханалар жұмыс істейді. Мұнда STEM-зертхана, арт-студия, хореография залы, телестудия және Мәдениет үйінің басты нысаны – концерт залы ашылды. Жұмыс сапары Сергеевка гидроторабына барумен қорытындыланды.

Улан Ыдырыс