Қоғам

Отбасы күніне арналған мерекелік концерт

Петропавл қалалық мәдениет үйінде Отбасы күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Көңілді кешке аға буын өкілдері, үлгілі жанұя мүшелері шақырылған. Олардың алдында күйшілер, бишілер мен әншілер өнер көрсетіп, төбелерін көкке жеткізді. Жиналғандар бір марқайып қалды.

МҰХАМЕДӘЛИ ИСПАНОВ, Петропавл қалалық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы:
– “Отбасы күні болғаннан кейін үлгілі отбасыларды көпшілікке көрсету керек. Сол мақсатта дәстүрлі кешімізді әзірледік”.

Әке мен шеше әрдайым құрметке лайықты. Әкелеріміз талмай еңбек етсе, ал аналарымыз түн ұйқысын төрт бөлді. Бұлар балаларының амандығы үшін бәріне даяр. Сахна шырқалған әндер арқылы жастар қауымы үлкендерге алғыс білдірді.

АҚНҰР ТӨЛЕУТАЙ, “Ai-Shuak” тобының әншісі:
– “Кеш көрерменнің көңілінен шықты деп ойлаймын. Жиналғандарға “Алғыс” әнін шырқадық”.

Отбасы күні 2013 жылы мерекелер тізіміне қосылды. Негізгі мақсаты – жанұя ұғымының маңызын арттыру, берекені нығайту. Қалалық мәдениет үйі осы мерекеге орай 10 жылдан астам кеш ұйымдастырып келеді.