Қоғам

Солтүстікқазақстандық сарбаздардың кезекті легі әскерге жіберілді

Петропавлда солтүстікқазақстандық сарбаздардың кезекті легі Отан алдындағы борышты өтеуге жіберілді. Ер міндетін орындаудан қашпаған жігіттерді шығарып салу шарасы Ұлттық ұланға қарасты 6637 әскери бөлімінде өтті.

 

АРДАГЕР АЙТМАҒАНБЕТОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
– “Бүгінгі күні 6637 әскери бөлімінің аумағынан жас арбаздарды шығарып салып жатырмыз”.

Сайдың тасындай іріктелген сарбаздар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол Астана қаласында орналасқан жедел мақсаттағы маңызды әскери бөлімдердің бірі саналады. Яғни, теріскейлік жігіттер елордадағы қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосады.

МЕРЕЙ ӘШІРБЕК, әскерге шақырылушы, Қызылжар ауданы:
– «Кеше бізге баратын әскери бөлім туралы толық ақпарат берілді. Жауапты адам қай жерде орналасқаны, ол жерде не болатыны туралы түсіндірді. Медициналық тексерістен де қиындықсыз өттік. Енді жолға дайындалып жатырмыз».

Айта кетейік, алдағы уақытта сарбаздардың тағы бір легі Алматы қаласында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің біріне аттанады.

 

Улан Ыдырыс