Петропавлдық жас футболшылар тағы да шетелге шығып, халықаралық додада өнер көрсетеді. Бұл жолы “Қызылжар-2013” командасы Черногорияда өтетін “Podgorica Trophy 2026” турнирінде бақ сынайды. Жарыс 10-13 қыркүйек аралығында өтпек. Бәсі биік бәсекеде теріскейлік жасөспірімдер ЦСКА, “Црвена Звезда”, “Партизан” және “Динамо Загреб” командаларына қарсы тұрады. Бұл – жыл сайын әлемдік деңгейдегі футболшыларды дайындайтын клубтар. Теріскейліктер үшін аталған турнир тәжірибе жинауға, кәсіби деңгейлерін арттыруға, сонымен қатар, шетелдік скауттардың көзіне түсуге мүмкіндік береді.
Аружан Султанова