Мағжан Жұмабаев ауданының үш мектебінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Ашылу салтанаты аудандық Мәдениет үйінде өтті. Шараға облыстың бас полицейі Руслан Назаров пен аудан әкімі Рахат Смағұлов қатысты. Мінберге шыққан департамент бастығы ел көлеміндегі бастаманың маңызына тоқталды.
РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД бастығы:
– “Біздің басты мақсатымыз – елді сүйетін азаматтарды тәрбиелеу. “Заң мен тәртіп” қағидаты – қауіпсіз және тұрақты қоғамның негізі”.
«Жас сақшы» сыныбының жоғары сынып оқушыларына пайдасы зор. Мұнда ұл-қыздар саланың қыр-сырын меңгереді, болашақта әскери оқу орнына түсу тәртібін үйренеді. Мәдениет үйінің сахнасында құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосып жүрген үздік полиция қызметкерлері, педагогтер мен кәсіпкерлер де марапатталды. Сондай-ақ, екі полиция қызметкерінің ата-анасына алғыс хаттар табысталды. Бұдан кейін шараға қатысушылар арнайы жедел қимыл жасағы жауынгерлерінің көрсетілімін тамашалады. Кинологтар да көпшілік алдына шықты. Ал шенділерден тұратын вокалдық топ жиналғандарды шаттандырып тастады. Осыдан соң №2 мектептің үшінші қабатында «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Бұл кабинетке Халық Қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетовтің есімі берілді. Сыныпта Қазақстан батырларының портреттері, жол қозғалысы ережелерін үйретуге арналған қиылыстың макеті және ІІМ жоғары оқу орындары туралы ақпарат орналасқан. Дәл осындай сынып енді Возвышенка мен Қарақоға ауылындағы мектептер де жұмыс істейді.
Аружан Султанова