Қоғам

Тұрғын үй кезегінен негізсіз шығарылған тұрғынның құқығы қорғалды

Арман болған баспана бұйырмай қала жаздады. Ғабит Мүсірепов ауданында азамат мемлекеттік қордан берілетін тұрғын үй кезегінен негізсіз шығарылған. Мәселе арқалаған тұрғын прокурорларға жүгінді. Қадағалаушы орган өкілдерінің араласуынан кейін ол қайтадан кезекке тұрды. Жамбылдық, айыртаулық, уәлихановтық, шалақындық және петропавлдық мамандар да адамдарға көмек қолын созды. Шенділер “Құқықтық дәріхана” акциясы аясында жалпы 138 адамды толғандырған түйткілдерді шешуге жәрдемдесті. Мысалы, кездесулерде көшелерді жарықтандыру, банк картасынан ұсталған ақшаны қайтару, жол жөндеу, жұмысқа орналасу мен атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу сияқты жайттар талқыға салынған.

Жаннур Бектурганова