Бүгін “Жезқазған – Петропавл” автожолының 946-шақырымында Shacman жүк көлігі мен Hyundai Sonata жеңіл автокөлігі соқтығысты. Салдарынан бидай тасымалдаған жүк көлігі аударылып, жеңіл темір тұлпар жол жиегіне түсіп кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері материалдар жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Улан Ыдырыс