“Қызылжар” футбол клубының қыркүйек айына арналған күнтізбесі жарияланды. Теріскейлік теңбіл доп шеберлері алдағы сенбіде өз алаңында батысқазақстандық “Атырау” командасын қабылдайды. Ойын кешкі 7-де басталады. Кейін қырандар араға тура бір апта салып, қонақта елордалық “Жеңіске” қарсы тұрады. Содан соң теріскейлік теңбіл доп шеберлері Петропавлда қызылордалық “Қайсармен” кездеседі. Матч “Қарасай” стадионында өтеді. Айта кету керек, “Қызылжар” футбол клубының қазіргі жағдайы мәз емес. Команда 23-ойында 23 ұпай ғана еншілеп, турнирлік кестеде 11-ші орында тұр. Төменгі лигаға ұшу аймағында тұрған клубтардан 3 ұпай ғана артық жинаған.
Нурасыл Ахмет