Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Солтүстікқазақстандық Никита Изотов шетелде топ жарды

Тамыздың 25-і күні ересектер арасында жеңіл атлетикадан III ашық Орталық Азия чемпионаты аяқталды. Сайыс Ташкент қаласында өтті. Халықаралық додада жергілікті спортшымыз Никита Изотов 800 метр қашықтықта бақ сынап, 1 минут 52 секунд 62 сомада мәреге жетті. Бұл нәтижемен спортшы жарыстың күміс жүлдегері атанды. Сайысқа Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тайланд, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан және Үндістан сияқты тоғыз елдің спортшылары қатысты. Жарыс барысында спортшылар спринт, ұзақ және орта қашықтыққа жүгіру, кедергілер арқылы өту, стипль-чез, сондай-ақ ядро, диск, балға және найза лақтыру сынды дисциплиналар бойынша бақ сынады. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 10 алтын, 8 күміс және 6 қола медальмен екінші орынға ие болды.

 

Жаннур Бектурганова