Қоғам

Солтүстікқазақстандық желаяқ Орталық Азия чемпионатында топ жарды

Шашасына шаң жұқпас жүйрігіміз жарады! Солтүстікқазақстандық спортшы Михаил Литвин жеңіл атлетикадан
Ташкентте өтіп жатқан ІІІ-ші Орталық Азия чемпионатында топ жарды. Ол қарсыластарынан айқын басым түсті. Желаяқ 400 метр қашықтықты 46,35 секундта бағындырды. Айта кету керек, бұл – жерлесіміздің биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі.

Нурасыл Ахмет