МТРА жаңалықтары

Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысы жарияланды

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысы жарияланды. Ел асыға күткен дерек Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Көпшілік алдында сөз сөйлеген төраға Нұрлан Әбдіров алдымен отандастарымыздың белсенділігін тілге тиек етті.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Қазақстанда барлығы 12 623 289 адам дауыс беру құқығына ие болды. Сайлауға 9 351 539 адам қатысты. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08 пайызын құрайды. Наурызда өткен жалпыұлттық референдуммен салыстырғанда осы сайлауға 224 357 адам артық қатысты.

Кейін кезек жиналған дауыстың пайыздық үлесін жария етуге келді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы әр партияға тиесілі сандарды жіпке тізіп шықты.

ГРАФИКА:
“Әділет” партиясы – 71,17%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11%;
Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы – 1,07%;
Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 3,11%;
“Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26%;
Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы – 5,21%;
Respublica партиясы – 5,56%;
Барлығына қарсы – 2,51%.

Бұған дейін айтылғандай, жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға 145 халық қалаулысы өтеді. Дауыс беру қорытындысына байланысты депутаттық мандат партиялар арасында былай бөлінді.

ГРАФИКА:
«Әділет» партиясы – 110 мандат;
«Ауыл» партиясы – 10 мандат;
Respublica – 9 мандат;
«Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат.

Енді әр партия өзіне тиген мандаттарды тізіміндегі кандидаттар арасында бөледі. Айта кетейік, Қазақстан халық партиясы мен “Байтақ” партиясы депутаттық мандаттарға ие болу үшін қажетті 5 пайыздық межеден аспады. Демек, бұл саяси ұйымдардың өкілдері Құрылтай құрамында болмайды.

Байболат Култанов