Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында 7 саяси партияның облыстық филиалдары ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын аяқтауда. Апта басынан бері “Әділет” партиясының өкілдері Петропавлда және Қызылжар ауданында кездесулер өткізіп, 550-ге жуық адамды қамтыды. Білім беру, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардың өзекті мәселелері талқыланды. “Қазақстан халық партиясының” өкілдері 500 адамды жинады. Белсенділер 600-ден астам ақпараттық буклет таратты. “Ауыл” партиясының өкілдері Ақжар, Уәлиханов, Есіл аудандарының еңбек ұжымдарымен және тұрғындарымен кездесулер өткізді. Белсенділер солтүстікқазақстандықтарға 12 мыңнан астам үгіт материалын үлестірді. “Ақ жол” партиясының өкілдері қаланың еңбек ұжымдарымен кездесті. Ауқымы 70 адамды құрайды. “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясының мүшелері облыстың қалалары мен аудандарында жұмыс істеді. Сайлаушылармен кездесу өткізді. Жалпы қамту – шамамен 15 мың адам. “Respublica” партиясының өкілдері кәсіпорын ұжымдарымен, бизнес-қоғамдастықпен және жастармен бірқатар кездесулер өткізді. Басты мақсат – сайлау алдындағы бағдарламаны түсіндіру, өңірдің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін талқылау. Үгіт тобы 1600-ден астам тұрғынды қамтыды. “Байтақ” партиясының өкілдері Петропавл қаласы мен Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындарымен кездесті. Белсенділер үгіт-насихат материалдарын тарату бойынша бірнеше акция өткізді.
Аружан Султанова

