Петропавлдық ескі диван үшін жазаға тартылды. Ол өзіне керексіз жиһазды көпқабатты үйдің маңындағы қоқыс жәшігінің жанына шығарып қойған. Бұл әрекетті төбедегі бейнебақылау камерасы түсіріп алған. 43 жастағы қала тұрғыны жазаланды, оған айыппұл салынды. Полицейлердің дерегінше, қоқыс шығаратын мердігер ұйымдар тек тұрмыстық қалдықтарды арнайы көлікке тиеп, әкетуге міндетті. Контейнерлерге сыймайтын ірі көлемді заттарды тұрғындар белгіленген тәртіппен өздері шығаруы тиіс. Жалпы, жыл басынан бері облыста абаттандыру ережелерін бұзудың 11 700 фактісі тіркелді.
Аружан Султанова

