Құрылтай сайлауына 6 күн қалды. Бұл елдің саяси жүйесін жаңғырту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ. Қазір сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр, тұрғындарға алдағы саяси науқанның маңызы түсіндірілуде. Алдағы сайлауға қатысты қоғам өкілдері де өз пікірлерін білдіруде. Олар саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақыруда.
ЕДІЛ ЖӘКЕНОВ, Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы:
– Бүгінде республика бойынша 247 штаб жұмыс істейді. Оның ішінде 1 республикалық, 20 өңірлік және 226 аумақтық штаб бар. Олардың негізгі міндеті – сайлауалды бағдарламаны түсіндіру, халықты ақпараттандыру және сайлаушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Сондықтан өңіріміздің әрбір тұрғынын сайлауалды бағдарламамен танысуға шақырамын.
Улан Ыдырыс

