Қоғам

Гүлжихан Бәшімова: “Дауыс беру – ел болашағына үлес қосу”

Embeds for YouTube: No video/playlist ID has been supplied

[Гүлжихан Бәшімова: “Дауыс беру – ел болашағына үлес қосу” – YouTube/youtube]

Құрылтай депутаттарының сайлауы кезінде Солтүстік Қазақстан облысында 530 учаске жұмыс істейді. Бүгінде бақылаушылар тізімі құрылған. Өңірдегі саяси науқанды 4500 адам қадағаламақ. Олар 7 партия мен 5 үкіметтік емес ұйымнан ұсынылып отыр. Қызылжар аудандық жастар ресурстық орталығының консультанты Гүлжихан Бәшімова дауыс беру әділ өтеді деген ойда. Ол өңір тұрғындарын тарихи әрі аса маңызды сайлаудан қалыс қалмауға шақырады.

ГҮЛЖИХАН БӘШІМОВА, Қызылжар аудандық жастар ресурстық орталығының консультанты:
– Менің ойымша, сайлау – адамның өз құқығын білдіретін тамаша мүмкіндік. Біздің жастар қоғамдық өмірге белсенді араласуы керек. Әр азамат сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасап, дауыс беруге толықтай құқылы деп санаймын.

 

Аружан Султанова