Қазіргі таңда облыста егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Алқаптарда жайсыз жайттардың алдын алу мақсатында құтқарушылар рейдтік іс-шараларды күшейтті. Себебі, осыдан 2 күн бұрын Айыртау ауданындағы танаптардың бірінде комбайн өрттеніп кетті. Бүгінде төтеншеліктер агроқұрылымдарды аралап, еңбеккерлермен тілдесіп жүр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы мен өрт сөндіргіш құралдың бар-жоғын тексеруде. Айта кетейік, биыл аймақта қызыл жалынның алдын алу мақсатында 370 адамнан тұратын 58 мобильді топ құрылған. Олар жыл басынан бері мыңнан астам рейдтік шара өткізіпті.
Нурасыл Ахмет

