Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда “Таза қала – таза жүрек” акциясы өтіп жатыр

Петропавлда республикалық “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында “Таза қала – таза жүрек” акциясы өтті. Оны ұйымдастырып отырған қалалық жастар ресурстық орталығы. Биыл мекеме қызметкерлері осыған ұқсас 170-тен астам іс-шара өткізген екен. Бүгін еріктілер қалада жалғыз тұратын қарияларға қолғабыс көрсетіп, аулаларын тазалауға көмектесті. Айта кетейік, жалпы шаһарымызда 500-ден астам астам жалғызбасты зейнеткер бар.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
– Бүгін біз жалғыз тұратын бес зейнеткерге көмектесеміз. Олардың аулаларын қураған шөп пен қоқыстан тазалаймыз. Сонымен қатар, қарияларға азық-түлік табыстаймыз. Бұдан бөлек “Таза қала – таза жүрек” акциясы аясында Пестрое көлінің жағалауындағы қоқысты жинаймыз.

Улан Ыдырыс