Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік оқиғасы жиі тіркелетін жерлер

Жыл басынан бері Петропавлда 180-нен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция қызметкерлері хабарлағандай, жолдағы немқұрайлылық, ұялы телефонды пайдалану және қиылыстарда дұрыс бұрылмау апатқа әкелуде. Осыған байланысты тәртіп сақшылары күн сайын профилактикалық рейдтер өткізіп жатыр. Оның барысында мамандар ережелерді еске салуда.

ЕВГЕНИЙ ШНАЙДЕР, Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі:

— Қала бойынша автоматты режимде жылдамдықты белгілейтін 35 кешен орнатылған. Сондай-ақ, қосымша 3 кешен орнатылған, егер жүргізуші жүргіншілер өткелінде адамға жол бермесе, бұзушылық автоматты түрде тіркеледі. Апат жиі тіркелетін жерлер – Жабаев-Бөкетов, Жабаев-Интернационал және Назарбаев-Интернационал көшелерінің қиылысы. Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында көлік иелерімен әңгімелесулер өткізіп, кітапшалар таратамыз, құжаттардың бар-жоғын тексереміз.

Инспекторлар балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Ата-аналар жолдан өту кезінде ұл-қыздардың қолынан ұстап өтуі керек және автокөлікте отырғанда міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағуы қажет.