Тазалық және тәртіп. Ел көлемінде қолға алынған бастамалардың аясында қазір осы бағыттарға баса назар аударылып жатыр. Мониторингілік топ ауыл-ауданды аралап, абаттандыру ережесінің сақталуын қадағалауда. Тайынша ауданындағы аядай ауылда бірнеше бұзушылық анықталған. Чкаловодағы кейбір аулалардың санитарлық жағдайына қатысты сын білдірген мамандар 6 ескерту беріп, 2 айыппұл салған. Анықталған кемшіліктерді жоюға 10 күнге дейін мерзім белгіленді. Тазалық сақшылары “Абаттандыру — баршамызға ортақ міндет. Елді мекендердің тазалығы мен тәртібі әр тұрғынның өз ауласына, көшесіне және туған ауылына деген жауапкершілігінен басталады”,- деді. Айтуларынша, мұндай қадамдар қоғамда экомәдениет қалыптастыруға ықпал етеді.

