Елімізде Құрылтай сайлауына дайындықтың маңызды кезеңі – үгіт-насихат науқаны қарқын алды. Құрылтай сайлауына түсетін партия өкілдері өз жұмыстарына кірісіп кетті. Олар өңірлерді аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Жалпы, сайлауға 7 партия қатысады. Барлығы – 545 кандидат ұсынылды. Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың белсенділігі мен саналы таңдауы жаңа құрамның сапалы болуына ықпал етеді.
СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, қоғам белсендісі:
— Бізде енді Сенат болмайды. Барлық заң тек пір палатада қабылданады. Осы ретте Құрылтайға депутат болып сайланған азаматтар зор жауапкершілік арқалайды. Бізге жауапты әрі кәсіби Құрылтай қажет. Сол себепті, үгіт-насихат науқаны барысында еліміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы керек. Ең бастысы, саяси партиялардың бағдарламаларымен дұрыс танысып, саналы таңдау жасау қажет.

