Kurultai banner mobile

Балалар

Сауықтыру лагеріндегі балалармен кездесу

Ювеналдық полиция қызметкерлері «Достық» сауықтыру лагерінде балалармен кезекті профилактикалық кездесу өткізді. Жүздесуде жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылды. Кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінсіз түнгі 23:00-ден кейін үйден тыс жерде жүруге болмайды, буллингке қатаң тыйым салынған. Ал мұндай жағдайларға тап болған жағдайда 102 нөміріне немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы тәртіп сақшыларына хабарлау керек.

ЗАРИМА ЖАКИНА, Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы:

— Полиция басқармасының қызметкерлері ТЖД бірлесіп, профилактикалық іс-шара өткізуде. Шара барысында өрт қауіпсіздігі қағидалары, су айдындағы қауіпсіздік ережелері, жол жүрісі тәртібі, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәсілдері айтылды.

Кездесу соңында өрт сөндіру техникасының мүмкіндіктері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Шілденің аптап ыстығында шашыраған су балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, ювеналдық полиция қызметкерлері жаз бойы балалардың сауықтыру лагерлерінде кезекшілік атқарады. Басты міндет – ұл-қыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал оқиғалардың алдын алу.