Петропавлда наркограффитилерді бояу бойынша акция өтті. Шараның мақсаты – қала тұрғындары мен жастардың назарын есірткі қылмысына қарсы күреске аудару, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, сондай-ақ никотинге, улы заттар мен алкогольге теріс көзқарас қалыптастыру. Жалынды жастар бірнеше жазбаны жойды. Мұндай жазулар қаланың келбетін бүлдіріп қана қоймай, өскелең ұрпақ арасында тыйым салынған заттардың таралуына әсер ететіні мәлім. Бұдан басқа, қатысушыларға есірткінің, алкогольдің және темекінің зияны туралы маңызды ақпаратты қамтитын буклеттер таратылды.

