Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданында абаттандыру ережесін сақтау бойынша рейд жүріп жатыр

Биылғы 1 шілдеден бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес абаттандыру талаптарын сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізіліп, анықталған заң бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдануда. Тайынша ауданында атқарушы билік пен құқық қорғау орган өкілдерінің қатысуымен рейд ұйымдастырылды. Оның барысында тұрғындар мен кәсіпкерлерге тазалық тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, 4 адамға ескерту беріліп, біреуіне айыппұл салынған. Рейдтердің мақсаты – айыппұл салу емес, қаланың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету дейді мамандар. Еске сала кетейік, әр меншік иесі өз үйі немесе нысанының қоршауынан 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығына жауапты. Естір құлақ болса… Тазалық талабы орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған: алғашқы бұзушылық үшін – ескерту немесе 20 АЕК, қайталанса, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Тайынша ауданында жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзғаны үшін айыпты тұлғаларға 600-ге жуық хаттама толтырылған, 500-ден аса ескерту беріліп, 40-қа тарта айыппұл салынған.