Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда бір айдың ішінде заңсыз айналымнан 800 литрден астам алкоголь тәркіленген

Петропавлда шілде айында полицейлер заңсыз айналымнан 800 литрден астам алкоголь тәркіледі. Оның 500 литрі Бостандық көшесінде табылған болатын. Ешбір заңды белгісі жоқ спирттік сұйықтық 100 бес литрлік ыдысқа құйылып қойған. Тәркіленген өнім құрамын анықтау мақсатында сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұл – шілде айында тіркелген жалғыз дерек емес. Еске сала кетейік, заңсыз алкоголь мен темекі өнімдерінің айналымына қарсы күрес – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Контрафактілік өнімдердің таралуына тосқауыл қою азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етеді дейді мамандар.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы:

— ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің алкоголь өнімін өткізу қағидаларын бұзғаны үшін жауапкерлікті көздейтін 200-ші бап бойынша 78 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шыққан алкоголь өнімдері азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске саламыз.