Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов теріскейліктерді Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығымен құттықтады. Аймақ басшысының құттықтауында өңірдің 1936 жылы 29 шілдеде құрылғаны туралы жазылған. Тоғыз онжылдық ішінде өлкеміз қалыптасу мен өркендеудің тағылымды жолынан өтті. Облыс тарихы – туған жеріне адал, еңбекқор, қайсар рухты жандардың тарихы. Олар маңдай тері мен адал еңбегінің арқасында туған өлкенің берік іргетасын қалап, оның бүгінгі дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Бүгінде СҚО экономикалық әлеуетін нығайтып, ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, инфрақұрылымды жаңғыртып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында нық қадам басып келеді. Өңіріміздің әрбір жетістігі – тұрғындардың бірлігі мен ынтымағының, жоғары кәсібилігінің, жауапкершілігі мен туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі. Өлкеміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлерге, барлық сала еңбеккерлеріне, кәсіпкерлерге, қоғам белсенділеріне, жастарға – туған өлкеміздің дамуына еңбек етіп жүрген барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

