Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов пен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналған екіжақты кездесу өткізді. Шара барысында шетелдік меймандарға жергілікті тауарөндірушілердің өнімдері ұсынылды. Олардың қатарында “ViZaVi Company” сынды серіктестіктер бар. Кейін кезек ресми бөлімге келді. Қос тарап бірқатар меморандумға қол қойды.
Кездесу соңында өңір басшысы Татарстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысының негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Қазіргі күні қос тарап ауыл шаруашылығы, машина жасау, медициналық жабдықтар, электр техникалық өнімдер өндіру және құрылыс индустриясы салаларында бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.

