Өңірде “Қауіпсіз үй” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Оның аясында полицейлер мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау және зардап шеккендерді қорғау бағытында тиісті жұмыстар жүргізуде. Тәртіп сақшыларының басты назарында – әйелдер мен балалар және бұрын сотталған азаматтар. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері өңірде қиын өмірлік жағдайға тап болған 47 отбасы анықталды. Аталмыш жанұялар туралы мәлімет Отбасын қолдау орталықтарына жолданып, бірыңғай ведомствоаралық ақпараттық жүйеге енгізілді.
— Мероприятие «Безопасный дом». Проводим профилактику среди семей. Как у вас дома? – Ну, так, ничего, нормально. Я сейчас в ночь собираюсь, на работу, это… Работаю. У меня муж тоже работает.
Биыл облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында мың жарымнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Осыған байланысты тиісті көлемде қорғау нұсқамалары шығарылып, 700-ден аса құқық бұзушыға ерекше мінез-құлық талаптары белгіленді. Оның ішінде ішімдік ішуге тыйым салу шаралары да бар. Алайда, тәртіп сақшылары жүргізген бақылау барысында қорғау нұсқамасын бұзудың – 170, ал ерекше мінез-құлық талаптарын сақтамаудың 845 дерегі анықталды.
РӘЗИЯ МӘЛІКОВА, қалалық ПБ бірінші полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының инспекторы:
— Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Тәртіп сақшыларының сөзінше анықталған құқық бұзушылықтар санының артуы жанжалдардың көбеюіне емес, профилактикалық жұмыстың күшеюіне және бұрын жасырын қалған фактілердің анықталуына байланысты орын алып отыр.
Ұлан Ыдырыс

