Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Өңірде “Ауладағы қабылдау” республикалық акциясы өтуде

Облыста “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында “Ауладағы қабылдау” республикалық акциясы өтіп жатыр. Бұл жолы кезекті қабылдау Петропавлдағы Чайковский көшесі, 13 мекенжайындағы тұрғын үй ауласында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға кибералаяқтықтың алдын алу, жол қозғалысы, азаматтық қаруды сақтау талаптары және отбасылық жанжалдың алдын алу бойынша кеңес берілді. Бұдан бөлек азаматтарға ақпараттық жаднамалар таратылып, eGov Mobile арқылы несие рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту қызметін қосуға көмек көрсетілді. Акцияға полиция қызметкерлерімен бірге депутаттар, қоғам өкілдері мен белсенділер де қатысуда. Акция аясында жүздеген солтүстікқазақстандық қамтылды. Нәтижесінде тәртіп сақшыларына 50-ден астам өтініш пен ұсыныс келіп түскен. Азаматтарды көбіне жалдамалы пәтерлердегі түнгі тыныштықты бұзу мәселесі алаңдатады. Айта кетейік, “Ауылдағы қабылдау” акциясы 26-шы шілдеге дейін жалғасады.