Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

“Қару”: қаруды сақтау талаптарын бұзған солтүстікқазақстандықтар жауапкершілікке тартылды

7 мыңнан астам тұлғаның иелігінде 10 мыңнан аса қару бар. Полиция қызметкерлері облыста “Қару” арнайы іс-шарасын өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары акция барысында заңнаманы бұзудың 9 дерегін анықтады. Атап айтқанда, қаруды сақтау талаптарын бұзғаны үшін 5 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, қаруды қайта тіркеу мерзімін кешіктіргені үшін және тиісті рұқсатсыз сақтағаны үшін қос-қостан дерек анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Құқық қорғау органының өкілдері аталған іс-шараны тұрақты түрде өткізіп тұрады.

ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

— Басты мақсат – қару айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қару иелерінің заңнама талаптарын сақтауын тексеру және заңсыз сақталған атыс қаруын анықтап, тәркілеу.