Қызылжар ауданында балықшылар мінген автомобиль батпақтан шығарылды. Бірнеше азамат Есіл өзенінің Красный Яр ауылы тұсында қармақ салуды көздеген. Алайда, жеңіл көліктері ылғалды топырақ құрсауында қалыпты. Машинаны өз күштерімен шығара алмаған жігіттер «112» нөмірі арқылы төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырады. Мамандар сүт пісірім уақыт ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Адамдардың зардап шегу, техниканың бүліну жайты тіркелмеді.

