Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Имантау көлінде моторлы қайықпен аударылды

Айыртау ауданындағы Имантау көлінде әйел адам жазым бола жаздады. Ол су айдынына моторлы қайықпен шығып, аударылып кеткен. Қуанышқа орай, демалушы құтқару кеудешесінде болған. Осы сәтте аумақты бақылап жүрген қырағы құтқарушылар азаматшаны көріп қалыпты. Олар нәзікжандыға бірден жетіп, қауіпсіз жерге шығарған. Ойда-жоқта өміріне қауіп төнген әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ.