Солтүстік Қазақстан облысында екі көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. «Петропавл – Көкшетау» автожолында Астраханка ауылы тұсында Mazda және Toyota Estima автокөліктері соғылған. Салдарынан Mazda-ның жүргізушісі мен Toyota Estima-ның салонында болған жеті адам зардап шеккен. Соның 5-еуі – бала. Жолаушылар медициналық мекемелерге жеткізілді. Барлығы облыс орталығында жатыр. Балалар түрлі жарақат алған, жағдайлары тұрақты ауыр деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері. Ересектердің жағдайы орташа тұрақты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтауды, жол және ауа райы жағдайларын ескеруді, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды және көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуды ескертеді.

