Kurultai banner mobile

Білім

СҚО-да 14 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді

ЖАННҰР БЕКТҰРҒАНОВА, тілші:

— Жаз – құрылыс жұмыстары қарқын алатын кезең. Қазіргі таңда өңірімізде әлеуметтік маңызы бар нысандар жөнделіп жатыр. Солардың қатарында әдеттегідей мектептер де бар. Міне, біз осындай білім ошағының біріне келіп қалдық.

Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылының орта мектебі 1964 жылы салынған. Бүгінгі таңда 260 оқушы білім алады, 44 педагог еңбек етеді. Сондай-ақ, мекеме жанында 17 тәрбиеленушісі бар шағын орталық та жұмыс істейді. Нысанның тозығы жеткені байқалады. Қуанышымызға орай, биыл 2 жылға созылатын ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары басталған.

ГҮЛШАТ СЫЗДЫҚОВА, Соколовка орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:

— Биыл біздің мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы бөлінді. Бас мердігер – “Максимум Север” серіктестігі. Ғимараттың шатырын, жылу жүйесін, кіреберісін және спорт залын қалпына келтіру жоспарланған. Спорт залында терезелер мен еден толығымен жаңарады. Оқушыларымыздың спорт бағытында жетістіктері көп. Балалар да, ата-аналар да қатты қуанып отыр. Құрылыс жұмыстары оқу жылының соңында басталды. Қарқынды жүріп жатыр. Жұмыстың 50% жуығы аяқталып қалды.

Жобаның жалпы құны 206 млн теңгені құрайды. Оның ішінде биылға бөлінген қаражат – 138 млн теңге. Бүгінде құрылысшылар негізгі жүйелерді жаңартып, насанды жаз маусымының аяғына дейін аяқтауды көздеп отыр.

КЕНЖЕБОЛАТ МАХМЕТОВ, “Максимум Север” ЖШС директоры:

— Қазіргі таңда осы объектіде 18-20 адам істеп жатыр. Төбенің, жылу жүйесінің және кіреберіс аймақты кеңейту жұмыстарын жасап жатырмыз”, “Жұмыс қарқынды. Жоспар бойынша келе жатыр. Оқу жылы басталғанша дейін оқушыларды қабылдай алатын қалыпқа жеткізуді көздейміз”, “Құрылыста қолданылатын материалға келетін болсақ, ағаштан басқасының барлығы – отандық өнім.

Ал келесі жылы мектептің қасбеті жаңартылмақ. Білім ордасының күрделі жөндеу көруі ауыл тұрғындары үшін де маңызды жаңалық. Айта кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы 14 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Іске 2,1 млрд теңге қаражат бөлінді. Нысандардың 11-і – орта білім беретін мекемелер.

Жаннұр Бектұрғанова