Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Қазақстан тұрғын үй компаниясы” АҚ Басқарма төрағасы Алтай Құздибаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа тұрғын үй жобаларын іске асыру, мамлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ, коммерциялық және әлеуметтік тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу мәселелері талқыланды. Қазақстан тұрғын үй компаниясы биылғы жылы жеңілдетілген кредиттік тұрғын үй құрылысына 9,3 млрд теңге, сондай-ақ МЭКС (Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту) тетігі аясындағы жобаларды іске асыруға 14 млрд теңге көлемінде қаржы бөлмек. Бұл – өңірде тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтауға, пайдалануға берілетін баспананың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді деді өңір жетекшісі.

