Kurultai banner mobile

Экономика және қаржы

Облыс әкімі “Қазақстан тұрғын үй компаниясы” АҚ Басқарма төрағасы Алтай Құздибаевпен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Қазақстан тұрғын үй компаниясы” АҚ Басқарма төрағасы Алтай Құздибаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа тұрғын үй жобаларын іске асыру, мамлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ, коммерциялық және әлеуметтік тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу мәселелері талқыланды. Қазақстан тұрғын үй компаниясы биылғы жылы жеңілдетілген кредиттік тұрғын үй құрылысына 9,3 млрд теңге, сондай-ақ МЭКС (Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту) тетігі аясындағы жобаларды іске асыруға 14 млрд теңге көлемінде қаржы бөлмек. Бұл – өңірде тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтауға, пайдалануға берілетін баспананың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді деді өңір жетекшісі.