Kurultai banner mobile

Балалар

Құқықтық викторина: Конституцияны білесің бе?

Петропавлда “Конституцияны білесің бе?” деген атаумен құқықтық викторина өткізілді. Зияткерлік сайыс “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері.

АЙНҰР СӘРСЕНБАЕВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

— Іс-шараның мақсаты – жастардың Конституция туралы білімін арттыру, құқықтық сауаттылықты және азаматтық жауапкершілікті дамыту. Қатысушылар тақырыптық сұрақтарға жауап береді, зияткерлік тапсырмаларды орындайды.

Сайыста жастардың Конституция баптары, құқықтық нормалар мен мемлекеттің құрылымы жайлы білімдері сыналды. Қатысушылардың бірі – Абай Жұмабек. Ол – Әбу Досмухамбетов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы. Мұндай ойынға алғаш рет қатысып отырғанын айтады.

АБАЙ ЖҰМАБЕК, қатысушы:

— Викторина қызықты өтті. Сұрақтар күделі болғанымен, көп жаңа мәлімет білдім. Азамат ретінде өз құқығымыз бен міндеттерімізді білу өте маңызды деп санаймын. Бүгін білгенімді сынап көрдім.

“Конституцияны білесің бе?” атауымен өткен құқықтық викторинаға 30-дан астам белсенді қатысты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай белсенді танымдық іс-шараларды жиі өткізуді жоспарлауда.

Жаннұр Бектұрғанова