Көшеде “өнер” көрсетемін деп құжатынан айырылды. Петропавлда қиылыста оңға бұрылу кезінде қауіпті «дрифт» жасаған BMW автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, өзге көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірген. Рөлдегі адам – 22 жастағы қала тұрғыны. Оған қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот шешімімен 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды. “Ауыздығымен алысқан” темір тұлпары арнайы тұраққа қойылды. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 120 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген. Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

