Kurultai banner mobile

БалаларСпорт

Жас шахматшылар аттракциондар паркінде сынға түсті

Петропавлда аттракциондар паркінде балалар арасында шахматтан турнир өтті. Іс-шараны ұйымдастырып отырған “Мир аттракционов” серіктестігі мен Арслан Ескендіровтің шахмат мектебі. Сайыс барысында балалар тақта үстінде тартысып ғана қоймай әткеншектерде де көңіл көтерді.

АЛЕКСАНДР КОЗЛОВ, “Мир аттракционов” ЖШС директоры:

— Бүгін Елорда күні мерекесіне орай “Мир аттракционов” аумағында шахмат турнирі өтті. Әрбір қатысушы өзіне ұнаған кез келген 5 әткеншекке билет алады. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру қажет. Сондықтан, біз осы сынды шахмат турнирлерін ұйымдастырып келеміз. Басты мақсат – балалардың шахматтан да, саябақтан да, бүгінгі іс-шарадан да ерекше әсер алып, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтуы.

Турнирге 12 әрі одан да кіші жастағы балалар қатысты. Олардың қатарында Жәлелбек Эрматжонов та бар. Жеткіншек шахмат десе ішер асын жерге қоюға әзір.

ЖӘЛЕЛБЕК ЭРМАТЖОНОВ, қатысушы:

— Өткен сайыста мен 1-ші орын алдым. Бұл жолы да топ жаруға ниеттімін. Шахматпен 4-5 жылдан бері айналысамын. 1-ші разрядым бар. Бүгін шахмат ойғаның үшін сыйлықт беріп жатыр екен. Бұл да көңілге майдай жаққан жайт.

Жалпы, сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынға – 15 мың, ал
2-ші және 3-ші орынға 10 мың және 5 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай іс-шаралар балалардың зияткерлік, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, төзімділік қасиетінің шыңдалуына септігін тигізеді.

Аружан Сұлтанова