Петропалдағы Достық үйінің алдына жиналған балалар мен жасөспірімдердің қарасы қалың. Олар мұнда жай ғана бас қосқан жоқ. Жастар ұлттық және үстел ойындарынан сынға түсіп, шахматтан өзара бақ сынады. Фестивальді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырып отыр
ӘЛИЯ АУҒАНАЛИЕВА, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім3 бас маманының міндетін атқарушы:
— Іс-шара “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда бізде арнайы кесте бар, ол бойынша ай сайын 2-3 ауқымды спорттық әрі өзге де іс-шаралар өткіземіз. Басты мақсат – балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне әрі қоғамдық тәртіпке және ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бүгін ұл-қыздар асық ату, тоғызқұмлақ және шахмат сынды ойындар ойнайды.
Іс-шараға 60-тан астам ұл-қыз қатысты. Алаңдағы әр ойын тартысты өтті. Жеткіншектердің қуанышында шек жоқ. Сайыс соңында әр жүлдегер мен қатысушыға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Ұлан Ыдырыс

