Елімізде саяси жүйе түбегейлі жаңғырып жатыр, бірақ бұл тек билік үшін емес, халық үшін де аса маңызға ие. Себебі, кеше ғана заңды күшіне енген жаңа Ата заңда адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы күшейтілді. Бұдан бөлек әлеуметтік әділеттік қағидаттары нығайып, мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігі артты
ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР құрметті журналисі:
— Қазақстанның жаңа Ата заңының қолданысқа енуі – ел тарихындағы бетбұрысты кезең. Мемлекет басшысының бастауымен жаңа, әділетті адал Қазақстан құрамыз деп талпыныстар жасалып жатыр. Оған кепілдік беретін құжат – жаңа Ата заң.
Ел ағасының сөзінше, жаңа Конституция елімізді биік белестерге шығарады. Бірақ, ол үшін Қазақстанның әрбір азаматы адал еңбек етуі керек.
ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР құрметті журналисі:
— Әрбір қазақстандық заңды көңіліне түйіп, жүрегінің төріне шығаруы тиіс. Мемлекет басшысы белгілеген шараларды жүзеге асыруға еңбек етуі керек.
Сондай-ақ, Жарасбай Сүлейменовтың пікірінше, жаңадан заңды күшіне енген еліміздің басты құжаты мемлекет пен халық арасындағы байланыстың нығаюына ықпал етеді.

