Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлттық домбыра күніне арналған “Домбыра – ұлттың үні” атты музыкалық-поэзиялық кеш өтті. Шарада музыкалық аспабымыз шертілді. Үні құлақтан кіріп, бойды алады. Бұл – тұнып тұрған тазалық, мәдениет, өнер. Қазақтың әлемге паш ететін құбылыс деуге де болады.
БЕЙСХАН ХАВДОЛЛА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері:
— Мен балаларға шеберлік сабағын өткіземін. Бұл балалар кітапханасы болғанымен, қазақтың мәдениетіне, әдебиетіне жақындататын орта дер едім.
Ұлттық аспабымызды таныту, өнерімізді ұлықтау мақсатындағы шараға оқушылар шақырылған. Богдан Зубенко – домбыраға қызығатын жастың бірі. Шертілген сәтте үніне елітіп, ерекше әсерде болыпты.
БОГДАН ЗУБЕНКО, оқушы:
— Мен өзім баян және фортепианода ойнаймын. Бірақ, домбыраның үні құлағыма майдай жағады. Болашақта осы музыкалық құралды меңгергім келеді. Бүгінгі іс-шараға қуана келдім. Өнерпаздардың шеберлігін жоғары бағаладым.
Айта кеткен жөн, “Домбыра – ұлттың үні” атты музыкалық-поэзиялық кеште астапты қолдан жасау бойынша шеберлік сабағы да өтті.

