Ережені елемеген дүкен иесіне қомақты айыппұл салынды! Петропавлда кешкі 21:00-ден кейін ішімдік сату фактісі тіркелді. Заңға қайшы сауданы қарапайым сатып алушы ретінде кезекте тұрған тәртіп сақшысы байқап қалған. Ол бірден сол төңірекке жауапты учаскелік инспекторды шақырыпты. Аталған факт бойынша тиісті материалдар сотқа жолданды. Көп ұзамай кәсіпкерге 519 мың теңге төлеу міндеттелді және алкоголь өнімдерін сату лицензиясы бір айға тоқтатылды. Айта кетейік, бұл биыл өңірде тіркелген алғашқы дерек емес. Жыл басынан бері облыста ащы су өткізу тәртібін бұзудың 67 және ішімдікті рұқсатсыз саудалаудың 29 жайты тіркелген.

