ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші:
— 2026 жыл 6-шы айдың 26-сы. Керемет дата. Бұл күні өңірімізде неке қиюға 120 жұп өтініш берген. Яғни, бүгін осынша шаңырақ құрылмақ. Ерекше сәттің куәсі болу үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу орнына арнайы келдік.
Мамандардың сөзінше дәл осындай әдемі даталарға орайластырып неке қиятын жандар көп. Былтыр мамыр айының 25-і күні 51 жұп ресми отбасы құру үшін өтініш берген екен.
АНАР ҚҰСАНОВА, “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ СҚОФ PR-менеджері:
— Бүгін өңірде 120 жұп неке қиюға өтініш берді. Олардың 90-ға жуығы Петропавлда тіркелген. Ал қалғандары аталмыш рәсімді аудандарда өткізеді. Жалпы, осы сынды даталар отбасы құрғысы келетін жас қызбен жігіттердің арасында сұранысқа ие. Орташа есеппен біз күніне 10-15 неке қиямыз. Ал жаз айлары бұл көрсеткіш 30-ға дейін артады.
Бүгінгі күн Каргаполовтардың мәңгі есінде қалатыны сөзсіз. Жас жұп некелерін дәл осы әдемі датада қиып отыр. Жүздері бал-бұл жайнаған жастардың қуанышында шек жоқ.
КРИСТИНА КАРГАПОЛОВА, қала тұрғыны:
— Біз дәл осы күнді әдейі таңдамаған едік. Басында неке қию рәсімін маусым айының 6-сына жоспарладық. Бірақ осы дата бұйырған екен. Өте қуаныштымыз. 5 жылдай кездестік. Былтыр маған ұсыныс жасады, қуана-қуана қабыл алдым. Енді отбасылық өмірге бірге қадам жасап отырмыз. Бақыттымын.
Айта кетейік, жалпы жыл басынан бері өңірде 1 мыңға жуық жұп шаңырақ көтерген.
Ұлан Ыдырыс