Қоғам

СҚО-да әкесін ұрған жігіт жазаланды

Тепсе темір үзетін жастағы жігіттің әлі шау тартқан әкесіне жеткен. Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында сұмдық жағдай орын алды. Мұнда ер адам 70-ке таяған қартты соққының астына алған, балағат сөздер айтқан. Осының барлығын видеоға түсірген, артынша бейнежазба желіде тараған. Тәртіпсіз теріскейлік анықталды. Одан зәбір көрген қария сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты, ұлына қатысты полицияға арыз жазбады.

СӘН ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы:

— Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын жүргізді. 22 жастағы жігіт өзінің әкесіне күш қолданған. Соттың шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.