Kurultai banner mobile

ТЖ

Теріскейлік құтқарушылар суға құлаған ер адамның өмірін аман алып қалды

Пестрое көлінің акваториясын патрульдеу барысында теріскейлік құтқарушылар ер азаматтың өмірін аман алып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, пирс маңында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары барысында 1995 жылғы азаматтың басынан күн өтіп, салдарынан ол есінен танып суға құлаған. Дәл осы сәтте оқиға орнында болған екі құтқарушы жедел түрде әрекет етіп оны судан шығарған. Кейін алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін өңір тұрғыны ауруханаға жатудан бас тартқан.