Өнеркәсіп

«Бескөл» сүт өнімдері сатылатын жаңа сауда орны

Табиғи дәм мен мінсіз сапа іздеп жүрсіз бе? Онда сіз үшін қуантарлық жаңалық бар. Петропавлдағы «Рахат» сауда үйінде елдің ықыласына бөленген, экологиялық таза «Бескөл» сүт өнімдерінің тағы бір дүкені ашылды. Бұл – тұтынушыларға танылған бренд. Сондықтан, алғашқы күннен-ақ бұл жерде халықтың қарасы қалың. Көптен күткен фирмалық дүкеннің салтанатты тұсаукесері өтті.

Айта кету керек, бұл – «Молсервис» компаниясының облыс орталығында ашқан төртінші фирмалық дүкені. Серіктестік өнім сапасын егістік алқабындағы жемшөптен бастап, зауыттағы дайын тауарға дейін толықтай өз бақылауында ұстайды. Енді шаһардың оңтүстік бөлігіндегі тұрғындары ешқандай делдалсыз, ең бастысы – тікелей өндіруші бағасымен сапалы тауар тұтына алады.

ҒАЛИБЕК РАМАЗАНОВ, «Молсервис» ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:

— Бүгін біз үшін қуанышты оқиға – “Бескөл” сүт өнімдерінің жаңа сауда нүктесін ашып жатырмыз. Өндірісте өз тауарлы-сүт фермамыздың жоғары сапалы сүтін пайдаланамыз. Бұл дүкеннің ашылуы осы аудан тұрғындарына, оның ішінде зейнеткерлерге өнімді тікелей өндіруші зауыт бағасымен сатып алуға мүмкіндік береді. Мұнда күн сайын жаңа тауар жеткізіліп тұрады. Сауда нүктемізге қош келдіңіздер!

Бүгінде дүкен сөрелеріне сүт, айран, тәтті қатық, қаймақ пен йогурт сынды өнімдер қойылған. Ал жақын күндері кәсіпорын жаңа цехты іске қосып, сары май, ірімшік және тәтті сүзбелерді шығаруды жоспарлап отыр. Денсаулыққа пайдалы әрі әрқашан балғын отандық өнімді таңдасаңыз, сіздерді Қазақстан Конституциясы көшесі, 55 мекенжайындағы «Рахат» сауда үйінде күтеміз. Дүкен таңғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді.

 

Жангельді Жамалиев