Халықтың құқығы қорғалмайынша, әділетті қоғам қалыптаспайды. Сондықтан, жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғауға, мемлекеттік биліктің ашықтығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етуге басымдық берілген. Қозыбаев университетіндегі “Қазақстан тарихы және құқық” кафедрасының аға оқытушысы Гүлбақша Мұсабаева Ата заңда отбасы мен неке ұғымдары күшейтілгеніне дән риза. Ол ер мен әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлін, олардың жауапкершілігін, ара қатынасын нақты шегелейтін уақыт келді деп есептейді. Себебі, үлгілі жанұядан болашақта ел қамын ойлайтын ұрпақ шығады.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, Қозыбаев университеті “Қазақстан тарихы және құқық” кафедрасының аға оқытушысы:
— Жаңа Конституцияда ата-ананың рөлі айқын көрсетілген. Бұрын-соңды мұндай болған емес. Өзіме 3-ші бап қатты ұнады.
Конституцияны жіті қараған комиссияға 10 мыңнан астам пікір мен ұсыныс түсті. Нәтижесінде Ата заңымыз 84 пайызға өзгерді. Гүлбақша Мұсабаева алдағы уақытта елімізде оң өзгерістер болатынына сенімді.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, Қозыбаев униыверситеті “Қазақстан тарихы және құқық” кафедрасының аға оқытушысы:
— Жаңа Конституцияда әлеуметтік осал топтағы отбасыларға ерекше көңіл бөлінген. Оларға тегін құқық көмек көрсету туралы жазылған. Бұны 86-баптан көрсеңіздер болады.
Гүлбақша Мұсабаева халықтың таңдауы арқылы енгізілген өзгерістердің нәтижесінде “Әділетті Қазақстан” қалыптасады деп есептейді.