СҚО әкімдігі

Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер

Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құжат. Бұл – теріскейлік белсенді жастардың пікірі. Олардың ойынша, Ата заңымыз қазақстандықтарды одан әрі айрандай ұйытатын, отаншыл азаматтардың жаңа буынын қалыптастыратын заңдар жинағы. Себебі, өзгерістердің әсерінен Конституцияға бұқараны бірлікке үндейтін бастамалар енді.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, “Ассамблея жастары” РҚБ СҚФ төрағасы:

— Жастар үшін волонтерлік қызметтің қолдау табатыны, “Таза Қазақстан” жобасының басталғаны, “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасының бекітілгені ерекше маңызды. Себебі, біз қазір “Таза Қазақстан” жобасы аясында тазалық шараларын өткізудеміз. Оларға ересектер де қатысуда.

Биылғы жаз бен күз саяси оқиғалармен тарихта және ел есінде қалмақ. Еске сала кетейік, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамызда Сенат пен Мәжілістің орнына келетін бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді. Ал қыркүйек айында заң жобаларын ұсынумен айналысатын және өзге де маңызды мәселелермен айналысатын Қазақстан Халық Кеңесі құрылады